» » Әлеуметтік салаға қаржы бөлуден көш бастап тұр

Әлеуметтік салаға қаржы бөлуден көш бастап тұр

      Қазіргі таңда Қызылорда қаласында үш жүз төсекке арналған көпбиінді облыстық аурухана құрылысының (онкологиялық бөлімімен қоса) жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
       Жан басына шаққандағы бюджет шығындары бойынша біздің аймағымыз республикада алтыншы орында тұр, ал әлеуметтік сала шығындары бойынша бірінші орында. Қызылорда облысы соңғы 5 жылда әлеуметтік сала рейтингісі бойынша көшбасшы болып табылады. 2019 жылдың қараша айындағы көрсеткіщке сәйкес әлеуметтік сала шығындарына 169,5 млрд.теңге (56,7%) құрап отыр, оның ішінде денсаулық сақтауға 11,4 млрд.теңге қаржы жұмсалған.
      «Алдымызда – типтік емес, бейімделген ғимараттарда орналасқан медициналық мекемелердің мәселесін шешу міндеті тұр. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. 22 жаңа медициналық нысан құрылысын сала отырып, бұл мәселені 2025 жылға қарай толығымен шешетін боламыз. Сонымен қатар, мамандар тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2016 жылдан бастап облыс әкімінің грантын енгіздік, бүгінде 53 резидент Қазақстанның 5 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл 15 білікті дәрігер аймаққа қажетті мамандықтар бойынша жұмыс істеуде. Ал, өткен жылдан бастап жалпы практикадағы дәрігерлерді оқыту үшін облыс әкімінің арнайы грантын бөліп келеміз, бүгінде бұл гранттарды 60 астам маман иеленді», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.  
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында дәрігерлік амбулаторияларды көбейту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жыл ішінде қосымша 61 дәрігерлік учаскелер ашылып, бұл жалпы практикадағы дәрігерге бекітілген халық санын 2017 жылғы 2200 адамнан бүгінгі күні 1683 адамға дейін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 1600 адамға дейін, ал, 2020 жылы 1500 адамға дейін жететін болады.
Облыстық көпбейінді аурухананың филиалы ретінде жұмыс жасаған Байқоңыр қалалық ауруханасы 2019 жылдың маусым айынан бастап жеке заңды тұлға ретінде бөлініп шықты.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 9 дәрігерлік амбулатория, жергілікті бюджет есебінен - 4 фельдшерлік акушерлік бекет, 5 медициналық бекетт ағымдағы жылы салынуы жоспарланып, оның 4-уі пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде облыстық медициналық орталығы мен Қазалы ауданаралық ауруханасына ангиографиялық қондырғы орнатылды.
      Айта кету керек, облыстағы медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен толығымен қамтылып, медициналық қызметкерлердің жұмыс орындарының компьютерлік техникамен жабдықталуы 100% құрады.
22 қараша 2019 ж. 408 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930