» » Ауылға кел, жас маман!

Ауылға кел, жас маман!


Қанша жас тұрақты жұмыспен қамтылып, туған жеріне елеулі еңбек етіп келеді. Олардың әрбірінің алға қойған мақсаты, бағыты айқын және біреу-ақ. Ол – өзімнің кіндік қаным тамған жер, ауылым көркейсе, мен соған сәл де болса үлесімді қоссам деген жақсы ниет. Осындай ізгі арманның жетегіне еріп, тәуекелге бел байлап, туған жеріне тартып отырған жас мамандарды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қолдайды.

Біздің елдегі білім саласы әжептәуір дамыды. Бірақ кемшін тұстары да баршылық. Мәселен, қала мен ауыл мектептері арасында айтарлықтай алшақтық бар. Өйткені елді мекендерде білікті жас мамандар жеткіліксіз. Бірақ мемлекет мұның да оң шешімін тапты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы білікті кадрларды ауылдық жерлерге тартуды қолға алды. Кешегі Президент Жолдауында осы бағдарламаны әлі де жандандырып, жастар жылында жас мамандарға көмек пен қолдауды арттыра түсетінін айтқан еді. Басты мақсат – жаңа айтып өткеніміздей ауылдық округтердегі маман жетіспеушілігін жою. Сондықтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясы кеңейтілмек. Келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыру көзі 20 миллиард теңгеге дейін жететін болады.
Осы жоба аясында ауылдық жерлерге жұмысқа тұрған маманға мемлекет тара­пынан көтермеақы мен баспана алуға жеңіл­детілген несие беріледі. Яғни, біржолғы көтерме жәрдемақы мен қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 15 жылға дейінгі мерзiмге несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік көмек алған маман ауылдық елді мекенде кемі үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
Аудан жастары да бұл бағдарламаның игілігін көріп, баспаналы болып, ауылдық жерлерде қызметте жүр. Биылдың өзінде 118 маманға 446 924,9 млн теңге қаржы бөлінді. Аудандық ауыл шаруашылығы бө­лімі арқылы осы жылдың бірінші сәуірінен бас­тап 142 маманнан өтініш түсіп, оның 122-сіне 446 924,9 млн теңге қаржы берілген. Бағдарламаның игілігін көргендердің қата­рында білім беру саласы бойынша 54 ма­ман, денсаулық сақтау саласы бойынша 27 ма­ман, әлеуметтік қамсыздандыру са­ласы бойынша 4 маман, спорт саласы бой­ын­ша 20 маман, мәдениет саласы бой­ынша 12 маман және агроөнеркәсіп ке­шені бойынша 5 маман бар. Айта кету керек, аудан бойынша 2010-2018 жылдары 646 ма­ман тұр­ғын үй несиесін алып, 1 670 634,9 млн тең­ге игерілген.
Соңғы жылдары ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша бірқатар тиімді әлеуметтік жобалар қолға алынды. Биылғы жастар жылында атқа­рыл­ған жұмыстар көңіл қуантарлықтай. Жыл басынан бері аудан жастарының қатысуымен ауқымды шаралар өтті. Бас­тысы, жастарды қолдау жалғасын табуда. Дегенмен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының мәліметіне сәйкес өңірде осы уақытқа дейін 469 маман несиенің төлеу мерзімін бұзған. Олардың бюджетке берешек қарызы 55 181,2 млн теңгені құрайды, оның ішінде негізгі қарыз – 46 043,8 млн теңге, өсімпұлы – 9 114,4 млн теңге. Мамандардың несие қарыздарын уақытылы төлемеу себептерінің бірі – басқа да банктерден алған несиелері болуында. Әйткенмен, өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, тиісті қаржыны мемлекетке қайтаруға жұмыс жасағаны абзал. Қайтармаған жағдайда не­гізгі қаржыға өсімпұл қосылып, ай сайын­ғы төлем мөлшері көбейе беретінін ес­керу керек. Мамандарға берілген қаржы уақы­тылы қайтарылып, бюджетке түсуі қажет. Сол арқылы қаржы айналымда болып, бағ­дарлама жалғасын таба береді.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

23 қараша 2019 ж. 921 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930