» » Қайырымдылық – қадірлі іс

Қайырымдылық – қадірлі іс

Қазақ жетімін алақанына алған, жесірін бауырына басқан, тұрмысы төмен азаматын қажытпаған, мүмкіндігі шектеулі адамдарын  жасытпаған текті ел.“Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің” дегенді санасына мықтап тоқыған қазақ баласы сауапты іс жасау қасиеттінің ғана қолынан келетінін естен шығарған емес.

Бейсенбі күні Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде  көмекке мұқтаж тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды, мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілерді, зейнеткерлерді, жетім және қамқоршысынан айрылған балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы  ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімінен бастап, барлық деңгейдегі басшылар мен кәсіпкерлер және шаруашылық төрағалары қатысты.
Игі шарада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев сөз сөйлеп, жылы лебіз білдірді.
– Бүгінгі акция аудан аумағындағы көмекке мұқтаж тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды, мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілерді, зейнеткерлерді, жетім және қамқоршысынан айрылған балаларды әлеуметтік қолдау бағытында ұйымдастырылып отыр. Акция барысында әлеуметтік қолдау шаралары үшін қаржылай көмек көрсетуге арнайы жәшік қойылды. Қайырымдылық іс-шарасынан түскен қаржыны арнайы комиссия тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларына бөлетін болады. Бұл бағыттағы игі шаралар алдағы уақытта да назардан тыс қалмай, кеңінен жалғасын табады, – деді аудан басшысы.
Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, аудандық "Иманқұл" мешітінің бас имамы Айбек Мәдиев сөз сөйлеп, қайырымдылық шараларының маңызына тоқталды.
Жыл басынан бері  аудан бойынша 500-ден астам отбасыға 12 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. Бұл да болса ынтымақты өңірдің жұдырықтай жұмыла жұмыс жасай алатындығының айғағы бола алады.

Тимур ҚУАНДЫҚ
05 желтоқсан 2019 ж. 583 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031