» » Сабина Алтынбекова Дубай командасына ауысты

Сабина Алтынбекова Дубай командасына ауысты

Сабина Алтынбекова Дубай командасына ауысты
Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында хабарлады: "2020 жылға жаңа үмітпен", - деп жазды Сабина Алтынбекова жаңа командасының жейдесінде түскен суретін жүктеп. "Аль-Васл" – Дубай қаласының командасы. Бұл бірнеше спорт түрінен командаларды біріктірген мультиспортты клуб. Биыл "Аль-Васл" волейболдан Арабия Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Айта кетейік, 23 жастағы волейболшы бұған дейін де шетелде ойнап көрген. Ол 2015 жылы Жапонияның екінші лигасында бақ сынайтын CSS Sunbeam командасының сапында ойнады. Ал Қазақстанда "Алматы" клубында өнер көрсеткен.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/60190
29 желтоқсан 2019 ж. 428 0