МҰҒАЛІМГЕ МӘРТЕБЕ БЕРІЛДІ, ТАЛАП ТА ЖОҒАРЫ БОЛМАҚ
Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы және Бекмырза Еламанов өңірімізде болып, аудан активімен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
Мәжілісті ашқан аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев кездесудің негізгі мақсатын түсіндіріп, ауданымызда атқарылған толайым табысты жұмыстарға және салалар бойынша жетістіктерге қысқаша тоқталды.
Содан соң сөз алған Мұрат Мұхамедов 2019 жылы жаңадан қабылданған заңдар мен заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Соның ішінде ел арасында көптен айтылып жүрген мұғалім мәртебесі туралы заңға кеңірек тоқталып, 21 баптан тұратын заңның ықпалы педагогтардың мүддесін қорғайтынын жеткізді.
Иә, соңғы кездері қоғамда мұғалімдер мәртебесін көтеру жайында көп айтылып жүр. Сабақ барысында мұғалімді мазақ етіп, тіпті қол көтеріп жатқан оқушылардың бейбастsқ әрекеттері әлеуметтік желіні шулатып, қоғамның наразылығын туғызды. Қабылданған жаңа заң осындай келеңсіздіктерге тосқауыл қоймақ. Тіпті енді ұстаздарға бағытталған балағат сөздері үшін ата-аналар да заң аясында жауап беретін болады. Сонымен бірге Мұрат Бақтиярұлы жаңа заңның шеңберінде мұғалімдер мен мектепке дейінгі тәрбие беру ошақтарының, яғни балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілерінің материалдық жағдайының да жақсаратынын, яғни 2023 жылға дейін директор мен қызметкердің жұмыс өтіліне қарай айлық жалақысы бүгінгіден төрт есеге дейін көбейетінін айтты. Мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілері тек балаға білім мен тәрбие беріп қана қоймайды, олар тұтас қоғамды, еліміздің келешегін қалыптастырады. Сондықтан сенатор ағарту саласы мен мектепке дейінгі бала тәрбиесіне жауапты мекеме қызметкерлерінде жеке тұрмыстық ауыртпалықтарға алаңдаушылық болмауы тиіс екенін тілге тиек етті. Алайда білім беру саласының қызметкерлері сол жалақыға сай болуы үшін талаптар қойылатынын да айтып өтті. Мәселен, жаңашыл, жаңа бағдарламаларды меңгерген, ұстанған бағыты айқын, терең білімді, тәжірибелі, педагогика негіздерін білетін, бала психологиясына бойлай алатын, тынымсыз ізденетін ұстаз ғана жоғары жалақыға қол жеткізе алады. Әрине, бұл – құптарлық талап. Қандай жұмыстың да сапасы талап болған жерде ғана жоғарылайды. Кездесу барысында өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінің айлық жалақыларының да өсетіні айтылды. Ал, медицина саласының төңірегіндегі бірқатар мәселенің түйінін тарқату үшін халық мейілінше салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулық сақтау саласы сатылап болса да түбегейлі еуропалық стандартқа көшуі керектігі айтылды. Сонда ғана дәрігерлердің біліктілігі артып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсарады. Сол сияқты Қылмыстық Кодекске де бірқатар өзгеріс енгізіліп, қылмыс жазасының да қатайғаны жайында тарқатты. Оған себеп, қазірде қоғамда күнделікті орын алып жатқан жаға ұстатар түрлі оқиғалар көбейді. Әсіресе әйелдер мен кәмелет жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсету, адам өлтіру, есірткі тасымалдап, тарату, мемлекет мүлкіне зиян келтіру, яғни сыбайлас жемқорлық, мал ұрлығы, әсіресе, жол-көлік оқиғаларына байланысты мас күйінде көлік жүргізген адамға көрілетін жазаның өтеуі ауырлады. Аталған қылмыстық бап бойынша айыпталған азамат өмір бойы бас бостандығынан айырылатыны әрбір темір тұлпар тізгіндеген адамның қаперінен тыс болмауы керек енді.
Кездесу барысында сөз алған Бекмырза Еламанов ауыл шаруашылығы, соның ішінде салық заңнамасына енген бірқатар жеңілдіктерді және ветеринариялық талаптардың күшейгенін, сонымен қатар медицина, әлеуметтік салалардағы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесуде халық қалаулыларына аудандық мәслихат депутаттары және қатысушылар тарапынан әр салаға байланысты түрлі сауалдар қойылып, тиісті жауап алды. Ал сенаторлар өз кезегінде кейбір түйінді мәселелерді құзырлы орындарға жеткізіп, оң шешілуіне ықпал жасайтындарын айтты.
Қ.АХЕТОВ