» » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАНЫМЫЗДА


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы мен Бахтиярұлы Мұрат Елбасының ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және 5 наурыз күні «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін насихаттау үшін Жалағаш ауданына арнайы іс-сапармен келді. Ең алдымен орталық аурухананың хал-жағдайымен танысқан халық қалаулылары, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Жиынға аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы модераторлық жасап, Елбасы Жолдауы мен Үндеуі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар екендігіне тоқталып өтті. 
Мәжіліске аудан активі, депутаттар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар, аудандық мекеме басшылары қатысты. 
Жиын соңында өңір басшысы, жиынға қатысушылар ауданымызға арнайы келген депутаттарға алғысын айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірсе, өз кезегінде халық қалаулылары Жалағаш ауданындағы келелі, ауқымды істер одан әрі өз жалғасын табуына тілек-ниеттерін білдірді.
30 наурыз 2018 ж. 1 003 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930