» » ЖӘРДЕМАҚЫ 2020: БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

ЖӘРДЕМАҚЫ 2020: БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

О бастан алдына келген ас-суын қанағат тұтып, шүкіршілік етіп жүретін қазақ халқында “әр бала өз несібесімен бірге туады” деген сөз бар. Балалы үйді нағыз бақыт мекені санаған халықтың бұл сөзінің жаны бар. Әр отбасында өмірге келген нәрестеге көмек беруде мемлекет те аянып қалмайды. Өйткені көпбалалы отбасыларға көмек көрсету әрқашанда бірінші орында. Мемлекет тарапынан халықтың осындай топтарын қолдау арқылы елдегі тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік туады.
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жаңа жәрдемақы беріле бастады. Ресми дерек бойынша еліміздегі 367 мың көпбалалы отбасы қаңтар айында жалпы сомасы 17,7 млрд теңгеге жуық жоғарыда көрсетілген жәрдемақыны алған. Аталған мемлекеттік жәрдемақы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша әзірленді. Бұл – табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттың бірі. Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай, яғни 4 баласы бар отбасыларға 42 496 теңге, 5 балаға 53 127 теңге, 6 балаға 63 757 теңге, 7 және одан да көпбалалы отбасыларға 74 388 теңге. Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды.
Айта кету керек, өткен жылы көп отбасының қуанышын еселеген атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төлене береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады. Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Еңбекке жарамды бірақ жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар көп.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қажетті өзгерістер енгізілді. Көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке тарту үшін оларға микрокредиттер жылдық 4 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті шарттармен берілетін болады. Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ден қойылып отырғанын назардан тыс қалдырмаған абзал. Сонымен қатар жаңа жәрдемақы алатын отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке де құжат тапсыруға құқылы. Тек жаңа заңдылық бойынша жаңа жәрдемақы есептелетін табысқа қосылатын болады.
Табысы аз отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз ету жұмыстары басты назарда болады.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ


18 қаңтар 2020 ж. 766 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930