» » Қызылорда-Павлодар тасжолы жабылды

Қызылорда-Павлодар тасжолы жабылды

Ауа айының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінудің нашарлығы, көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» тасжолының екі учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төмендегі жолдарда автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

«Қызылорда-Павлодар» жолының 1 135-1 206 шақырымы аралығы, Қарағанды облысы шекарасы – Бозшакөл ауылы.
«Қызылорда-Павлодар» жолының 1 066-1 135 шақырымы, Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы.

Айта кетерлігі, сағат 13.20-дан бастап бұрын жабық болған Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолы көліктің барлық түрі үшін ашылды.


03 ақпан 2020 ж. 476 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31