“БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ – ЕЛДІҢ АЙНАСЫ”
Журналистер – мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың маңызын қалың бұқараға жеткізіп, халық ішіндегі өзекті мәселелерді талдап, билік назарына ұсыну миссиясын мойнына алған құрметті де күрделі кәсіп иелері. Мемлекеттік маңызы бар мәселелерді насихаттап, қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналған бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны ерекше. Осы ретте облыстағы бірнеше басылымды бір шаңырақ астына топтастырған «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елдік мұраттарға қызмет ету жолында сенім биігінен түскен емес. Мемлекеттік саясатты насихаттап отырған мекемеге облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов келіп, серіктестік жұмысымен танысты.
Халық арасында «Құдіретті қолбасшылардың әскері жетпеген жерге қаламның қуаты жеткен» деген сөз бар. Ой қуалап, сөз ұйқастыру, одан шымыр дүние жазып шығару екінің біріне бұйырмаған асыл қасиет. Біз білетін қазақ халқының атақты жазушыларының барлығы жазуды журналистикамен ұштастырып, осы сара жолды жазушылықтың даңғылына айналдырған. Он жылға жуық тарихы бар медиабірлестікте де қаламы қуатты, ойы ұшқыр қалам иелері аз емес. Серіктестікте алғашқы жылдары 90 жылдан аса тарихы бар аймақтың аға басылымдары саналатын «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері болды. 2013 жылы оған қалалық, аудандық ресми басылымдар қосылып, жұмыс ауқымы кеңейді. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде содан бері «Сыр медиа» еліміз бойынша өнімін өз баспаханасынан шығарып, өзі тарататын іргелі ұйымға айналды.
«Сыр медиа» ЖШС мемлекеттік саясатты, республика мен өңір жаңалықтарын халыққа дер кезінде мазмұнды түрде жеткізу қызметін қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңашылдықпен жүргізіп келеді. Бүгінде барлық басылымның сайттары, сондай-ақ 2011 жылы ашылған «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өзге де салалар бойынша қоғамның тыныс-тіршілігі туралы оқырманға жедел әрі сенімді ақпарат таратуды жолға қойды. Бүгінде 500-ден астам адам еңбек ететін «Сыр медиа» серіктестігі ел игілігі жолында бастамаларымен қалың бұқараға жақсылықтың жаршысы, ұлағатты істердің ұйытқысы ретінде белгілі.
Кездесу барысында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев серіктестіктің атқарып келе жатқан жұмыстары туралы жан-жақты баяндады. Жиын соңында облыс әкімі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
"Бұқаралық ақпарат құралдары – біз үшін елдің айнасы десек болады. Президенттің саясатын, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау ісінде БАҚ-тың рөлі ұшан-теңіз. Қазір халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген бос сөз. Жақында облыс басшысы болғаннан кейін елді-мекендерді аралап қайттым. Өздеріңіз де газет бетінде жаздыңыздар. Сол кезде Аралдан бастап Жаңақорғанға дейін ауыл адамдарының барлығы газетті міндетті түрде оқитынын, олардың барлығы теледидардағы жаңалықтарды жібермей қарайтынын көрдім. Шын мәнісінде, жаңалықтар мен проблемаларды халыққа өз дәрежесінде жеткізетін құрал – бұл бұқаралық ақпарат құралдары", – деді аймақ басшысы.
“ЖЖ” ақпарат