ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ақпарат қызмет-керлерінің күніне орай дәстүрлі «Қанатты қалам – 2019» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін төл мерекесімен құттықтады.
Журналистердің мемлекеттік идеологияны қоғамда қалыптастыру мен ұлтаралық татулық, бірлік бағытында жасаған жұмыстары да жетерлік. Жаһандану дәуірінде елдегі халыққа нақты әрі сенімді ақпаратты дер кезінде дәйектемемен жеткізе білетін мамандық иелеріне деген артылар сенім мен жауапкершілік те жоғары. Осы орайда аймақтағы ақпарат саласында өзіндік орны бар, еңбегі сіңген қарымды қалам иелері марапат төрінде болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хаттарымен және облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен алғыс хатына бірнеше азамат ие болды. Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған 20 журналист облыс әкімінің арнайы номинацияларымен марапатталды. Марапат төрінен көрінген журналистердің қатарында әріптесіміз, аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті бас редакторының орынбасары Кенжетай Қайрақбаев та бар екенін айта кеткен жөн. Шарада Сағитжан Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының 3 жеңімпазына бағалы сыйлықтар үлестіріліп, алғысқа бөленді.
Ерлан СОЗАҚБАЕВ