ЖЕРГІЛІКТІ ӨНЕРПАЗДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Шара барысында жергілікті өнерпаздар ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын және басқа да саяси құжаттарды дәріптеу мақсатында өзара диалог өрбітті. 7 команда бақ сынаған байқауда Елбасының сарабдал саясатын уақыт тезінен өткеріп, өз бағдарына айналдырған өнерпаздар Жолдаудың басты бағыттарын көрерменге жан-жақты жеткізе білді. Нәтижесінде, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Бірлік» мәдени үгіт бригадасы бас жүлдені қанжығасына байласа, келесі орынды Жалағаш аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы жеңіп алды. Ал, Қармақшы аудандық «Өрлеу» мәдени-үгіт тобы екінші орынға жайғасса, Шиелілік «Сыр маржаны» халықтық мәдени-үгіт тобы үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, басқа да аудандардан келген өнерпаз топтар алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
«ЖЖ» ақпарат.