» » » Кестелі жыр, сүбелі сөз бәйгесі

Кестелі жыр, сүбелі сөз бәйгесі


А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде қала әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Астананың – 20, Қызылорданың  200 жылдық мерейтойы аясында  «Тамыры терең, тарихы кенен Қызылорда!» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің өресі биік, нағыз талантты 10 ақын қатысты.  Шараны  қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ашты.

– Биыл еліміз үшін де, өңіріміз үшін де айтулы оқиғаларға толы тарихи жыл болмақ. Өйткені, Елбасының төл туындысы елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы мен Сыр елінің бас шаһары Қызылорда қаласының 200 жылдығы аталып өтеді. Бұл тарихы терең, тағылымы мол қос мерекенің маңызы зор. Бүгін міне, тәуелсіз Қазақстанның өткені мен болашағының өркендеуін жастардың ойымен таразылап, жырмен өрнектемекпіз. Қасиетті қазақтың қара домбырасының үні мен дана халқымыздың сөз өнерін жандарына жалау етіп, дүйім елдің құрметіне бөленіп, айтулы ақындарымыздың сара жолымен келе жатқан жастарымыздың салтанаты үзілмесін, – деген Ш.Байманов ақындарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аймақта сол  жағалаудың бой көтеруі мерейлі тойға тарту екенін жеткізді. Әрі осындай ауқымды шараны ауызбіршілікте өткізуде қала тұрғындарының да үлесі басым екендігін ерекше атап өтті.
Жыр бәйгесін екі мәрте «Алтын домбыра» иегері атанған, Сырдың дарабоз ақыны Мұхтар Ниязов жүргізді. Сүбелі сөзден жыр өрнектеген айтыста елдің тарихынан сыр шертіліп, ынтымағы жарасқан халқымыздың бірлігі жырланды. Жас ақындар  қоғамдағы өзекті оқиғаларды да жүректі тербеткен жырларына қоса білді. Жырдан шашу шашып, көпшілікке жақсы көңіл күй мен серпіліс сыйлаған сайыста бас жүлде павлодарлық Нұрқанат Қайратқа бұйырды. І-ІІ орынды жерлесіміз Бекжан Ержігіт пен Ерасыл Бәйментай алды. Ал, ІІІ орынды ақтөбелік Әлихан Жақсылық қанжығасына байлады. Қатысушы барлық айтыскер жас ақындарымыз қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жалпы, жас ақындар бәйгесінде кестелі жыр төгіліп, сүбелі сөз айтылды.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
«Сыр бойы».
26 ақпан 2018 ж. 1 210 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031