Сыр сахнасы сандығын ашады Алдағы сәрсенбі, бейсенбі күндері қызылордалықтарға сахна өнерінің шеберлері тамаша көңіл-күй сыйламақ.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қаламы қарымды Қалтай» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауы өткізіледі.Байқауға қатысатын облыс көлеміндегі 13 халық театры және 1 драма ұжымы Қ.Мұхамеджановтың шығармаларын сахналап, кәсібилік дәрежесін сынға салады. Байқауда драматургтің «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», «Біз періште емеспіз», «Өзіме де сол керек» секілді пьессаларын қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйінің халық театры мен драмма ұжымдары сахналайды.Сахнагерлерге «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері сценарист, режиссер Оңталап Нұрмаханов бастаған мамандар төрелік етеді. Байқауды мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастырып отыр.Келіңіздер, рухани ләззатқа қанығыңыздар!Д.АЯШТАН.http://www.syrboyi.kz Жаңалықтар / Руханият 29 мамыр 2018 ж. 830 0