ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ КӨРЕРМЕНМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШАДЫ! Құрметті өнерсүйер қауым! Театр - өмір айнасы. Үстіміздегі жылдың 12 қаңтар күні аудандық мәдениет Үйі жанындағы "Халық театры" Ә.Тәжібаевтың "Той боларда" комедиясын сахналап, қалың көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген болатын. Көрермендердің сұрауы бойынша аталмыш қойылым бүгін Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде сағат 18.00-де көпшілік назарына қайта ұсынылатындығын хабарлаймыз. Өз өнерпаздарымыздың өнеріне қолдау көрсетейік, ағайын!Халық театры Сіздерді асыға күтеді. Келіңіздер, көріңіздер! Билеттер мәдениет үйінің кассасында сатылуда немесе 87753842391 /арт-менеджер/ нөмеріне хабарласып, алуға болады. Жаңалықтар 02 ақпан 2018 ж. 1 159 0