» » » ТУҒАН ТІЛІМ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

ТУҒАН ТІЛІМ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

Сейсенбіде Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Аудан жұртшылығының қатысуымен өткен думанды кеш сахналық қойылыммен басталды. Жергілікті өнерпаздар Алаш арыстары мен батыр бабаларымыздың ана тіліміз жайында айтқан өсиет-пікірлерін оқып, тілдің қоғамда алатын орнын сөзбен суреттеп жеткізді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов барша жалағаштықтарды айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар тіл жанашырларын марапаттады.

– Бұған дейін бұл мереке қыркүйек айының 22-сі күні аталып өтілетін. Өткен жылдан бастап, қыркүйек айының 5 жұлдызына ауысты. Мұның да өзіндік себебі бар. Бұл күн – Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде тілдер мерекесін тойлайтын болады. Құрметті жалағаштықтар, баршаларыңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, елімізге береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Ж.Тажмаханов.
Елбасының «Біз барлығымыз бүкіл қазақстандықтарды біріктіруші негізгі фактор – мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет» деген сөзі достығы мен бірлігі жарасқан ел азаматтарына арналған. Осыған орай, Еліміздің рухани дамуы мен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында әр салада елеулі еңбек етіп жүрген бір топ азамат сый-құрмет төрінен көрінді. Олардың қатарында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің әдеби қызметкері Бақыткүл Тәшкенбаева да бар.
Салтанатты кеш мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 063 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930