АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР
Адамзат баласына өмір сыйлаған әйелдер қауымының қоғамда, отбасында алатын орны ерекше. Ізгілік пен адамгершілік, мейірім мен шапағат атаулы осы аналардың аялы алақанынан, жылы жүрегінен бастау алады. Жыл сайын 8 наурыз күні жүректен шыққан жылы лебіздер, ақжарма тілектер ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектерге арналады. Бүкіл әлемнің құрметі нәзік жандыларға арналатын айтулы мереке аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиынға ұласты.
«Жұмақтың кілті – ананың табанының астында». Бұл сөз түсінгенге, көп нәрсені ұғындырады. Табиғаттың оянуы да осынау шуақты мерекемен бастау алатыны тегін емес. Әлемнің Жаратушысы да ешқашан аласармайтын «Ана» деген асқақ аттың иелерін сондай құрметті етіп жаратып, қырық шырақты әйелдердің ғана кеудесінен екі бірдей жүректі соқтырады. Ана – жер бетіне күн нұрынан артық жылу шашады. Жанарымен жалғанға жылу беріп, пенде атаулының барлығына жүрегіндегі жылылықты арнап, баласының аяғын жерге тигізбейтін де аналар. Перзенті үшін биік-биік асуды да бағындырып, жаңбырлы күні панасы, желді күні қорғаны болатын да осы асыл жаратылыс иелері. Өзегін жарып шыққан баласын өзге түгіл өзінен де артық көретін, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалып, бауыр еті баласын уайымдайтын, түн ұйқысын кірпік ілмей күзететін, тоғыз ай құрсағында, қаз басқанша құшағында, өмір бойы жүрегінде көтеретін де ғазиз аналар. Міне, ана құдіретінің қаншалықты екендігін осыдан аңғаруға болады. Бірақ, бұнымен таусылмақ емес. Әр сәт сайын жарық дүние жарығын сыйлап, жалғанда жер басып жүруімізге себепкер болған әйелдер қауымына құрмет көрсетсек те артық етпес. Себебі, адамзаттың өмірі, оның болмысы әйел затымен тығыз байланысты.
7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ардақты аналарға, аяулы қыз-келіншектерге арнап мерекелік кеш ұйымдастырып, тиісінше сый-құрмет жасады. Кешке аудан басшылығы, өңір тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев әйелдерге құттықтау сөзін арнады.
– Құрметті қауым, ардақты аналар мен қадірлі қарындастар! Сіздерді, ауданымыздың барлық ер азаматтары атынан мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Халқымызда барлық жылылық күннің нұрынан, әйелдің аялы алақанынан таралады деген сөз бар. Алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты байлығымыз. Ана тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі. Бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеруде ерекше өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайықты. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында барлығымыз да бас иеміз. Сонау ел басына күн туған замандарда ат үстінде жүріп ел қорғаған, ерлердің жігерін жандырып, демеу болған, ошақ отын сөндірмей тұрмысқа бойұсынған қазақ әйелдері тарих бетінен өшпек емес.
Ардақты аналар, аяулы қыз-келіншектер сіздердің ел дамуындағы қосқан өлшеусіз еңбектеріңізге үлкен құрмет білдіріп, көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын, – деді Қайратбек Әубәкірұлы.
Мұнан соң, өңір басшысы бірқатар сала үздіктері мен нәзік жандыларды облыс әкімінің, аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапаттап, мерекелік гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыс етті. Салтанатты шарада аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары барша аналар қауымына, аяулы қыз-келіншектерге арнаған әсем әндерден шашу шашып, домбырамен күй төкті.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ,
Махамбет АХМЕТОВ (сурет).

Пікір 2