» » ҰСТАЗ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

ҰСТАЗ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да міне 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі тойланды. Ізгілік айы, шаттық айы, мерекелер айы – көктемнің алғашқы мерекесіне орай аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитеті осы салада жемісті еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі еңбек сіңіріп жүрген ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтады.

Елбасы: «Бет алысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!» деген болатын. Расында, ел болашағының баянды болмағы да осы білім мен еңбекке байланысты деген даналық сөзде үлкен мән бар.
Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте өткен салтанатты шараға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қатысты. Қайратбек Әубәкірұлы елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге, ұлағатты ұстаздарға арнаған құттықтауын жеткізді.
– Көктемнің алғашқы күндерінде тойланатын айтулы мерекенің орны ерекше, маңызы зор екендігі белгілі. Бүгін біз 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұстаз-аналарға құрмет көрсету үшін осындай салтанатты шарада басқосуды жөн көрдік. Себебі, ауданның білім саласының 77,4 пайызын әйелдер қауымы құрайды екен. Ал, балаға білім беретін алтын ұяда біліммен қоса, келешекте ел тұтқасын ұстайтын азаматтарды қалыптастыратын да ұстаздар. Сапалы білім мен саналы тәрбиені бойына сіңірген, келешекте біртұтас қоғамды жасайтын тұлғаның барлығы ұстаз тәрбиесінен өтеді. Әйелдер қауымы бала тәрбиесімен қатар, қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, парасаттылық пен ұлт, ұрпақ бесігін түзей отырып тәуелсіз еліміздің нығаюына өлшеусіз өз үлестерін қосып келеді. Елбасының өзі білім саласына жасап отырған қамқорлығымен қатар, ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеуде. Әлемдік білім кеңістігіне ену, дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін бүгінгі ұрпақтың сапалы білім алуы өте маңызды. Себебі, мемлекеттің ертеңгі болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде. Сондықтан да, барша нәзік жандыларды мерекесімен құттықтай отырып, ұстаздар қауымына қажыр-қайрат, жемісті еңбек, қызметтеріне табыс тілеймін, – деді өңір басшысы.
Бұдан бөлек, білім саласының ардагері М.Тұңғышмұратова, жас ұстаз Қ.Мамзадаева, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Ж.Шілдебаевалар сөз алып, барлық қыз-келіншектерді, ұлағатты ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Шара соңында аудандық әуез мектебінің көркемөнерпаздары, оқушылар қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, ұстаздар қауымы аудан әкімінің сый-сияпатына бөленіп, марапат төрінен көрінді.

Н.АЛМАСқызы,
М.АХМЕТОВ (сурет).


13 наурыз 2018 ж. 1 552 2

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 17:48
Buy Tadalis Sx Low Cost cialis 5 mg best price usa Cheap Silagra 100 Mg Animal Amoxicillin For Infected Porcipine Quills

Гость Jeaplause от 3 наурыз 2019 23:25
Buy Propecia Finasteride Viagra Testen Viagra Generika Probleme cialis without prescription Order Macrobid 100mg Windsor Cheap Nexium 40 Mg

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930