» » ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ



Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған мерекелік салтанатты шара аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде өтті.
Тақырыпқа сай даярланған бейнеролик, театрландырылған көрініспен бастау алған шарада аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы аудан халқын атаулы мерекемен құттықтады.
- Бұл мерекенің аудан халқы үшін маңызы зор. Ауданымызда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда елеулі жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, одан өзге үш тілді қатар меңгергендердің де саны артқан. Ең бастысы, түрлі этнос өкілдерінің ана тілдері мен мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалған – деді Жағыпар Тажмаханов.
Салтанатты жиында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар тіл жанашырларына аудан әкімінің алғысы табысталды.
Сондай-ақ, шарада аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, түрлі этнос өкілдері, «Алтын-арай» халық ән-би ансамблінің бишілері өнерлерін ортаға салып, ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдерінің құттықтаулары LED экран арқылы көрсетілді.
#Қызылордаоблысы
#Жалағашауданы
#Тілдеркүні
12 қыркүйек 2018 ж. 1 300 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930