Музей түні

Шара барысында музейге келген көрермендерге қазақ халқының «тұсау кесу» рәсімі көрсетіліп, оқушылар арасында Абай шығармаларын жатқа оқудан «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Аудандық Оқушылар үйінің үйірме жетекшілері Д. Тілеумбетова мен Ж.Бекмолдаев, №246 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Н.Қорғанбаева бейнелеу өнерінің кесте тігу, ағаш өңдеу, аппликация және матаға сурет салу (батик) түрлері бойынша оқушыларға мастер-класс көрсетті. Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының сурет үйірмесінің жетекшісі А. Әбдікәрімованың шәкірттерінің туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жігер» этно-фольклорлық топтың өнерпаздары көрермендерге шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Аталмыш шараға аудан жұртшылығы мен кент орталығындағы 5 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Т.Қозыбағаров.
Аудандық тарихи-өлкетану
музейі филиалының қызметкері