» » COVID-19: Қазақстанда экспресс-тесттен кімдер өте алады?

COVID-19: Қазақстанда экспресс-тесттен кімдер өте алады?

 Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлімдеді.
Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден:

– коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар,

– жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

– тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар;

– науқастармен байланыста болған адамдар;

– коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

– карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.
Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.
ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.
04 сәуір 2020 ж. 497 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930