» » Таразда аялдамада жатқан азаматқа жедел жәрдем қызметі көмек көрсетуден бас тартқан

Таразда аялдамада жатқан азаматқа жедел жәрдем қызметі көмек көрсетуден бас тартқан

Таразда жедел жәрдем қызметкерлері аялдамада жатқан адамға көмек көрсетуден бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде тараған. Куәгердің сөзінше, ес-түсінен айырылып жатқан адамды жедел жәрдемнің дәрігерлері өздерімен бірге алып кеткілері келмей, сол күйінде тастап кеткен. Дегенмен оқиға орнынан полиция қызметкерлері табылып, оны ауруханаға алып кетіпті. 
Өз кезегінде жедел жәрдем қызметкерлері әрекеттерін мас адамдарды арнайы мекемеге жатқызу заңда көрсетілген деп түсіндірді. 
"2011 жылы  қабылданған бұйрық бойынша орта жағдайда мас адамдар уақытша бейімделу орталығына тәртіп сақшыларының не басқа да азаматтардың көмегімен орналастырылады. Бұл жағдайда мас азамат 1-қалалық аурханасына жеткізілген. Азаматтың ауруханаға бірден жеткізілмеу себебі оның дәрігерлердің көмегіне зәру болмағандығы", - деді жедел жәрдем қызметкері. 

stan.kz

23 желтоқсан 2019 ж. 372 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930