» » Жалағаш ауданы: 7500-ге жуық оқушы қашықтан оқытылуда

Жалағаш ауданы: 7500-ге жуық оқушы қашықтан оқытылуда

Жалағаш ауданы бойынша 6797 оқушы және 629 МАД тобының тәрбиеленушісі (барлығы 3878 отбасы) IV оқу тоқсанында қашықтан оқытылуда. Аудан орталығында және ауданға қарасты 15 елді мекенде интернет байланысы орнатылған. Үй жағдайында компьютерлік құрылғылары жоқ оқушыларға мектептен уақытша планшет, компьютер берілді және мобильді интернетпен қамтамасыз етілді.
1181 мұғалім қашықтан сабақтарын жүргізуде. Сабақтарды «Балапан» және «Ел-арна» телеарналарынан және Youtube видеохостингі арқылы тікелей көруде. Оқушылар телеарнадан сабақ көру мүмкіндігі болмаған жағдайда қолжетімді стримингтік видео-платформаларда көру мүмкіндігі бар екені ескертілді. Қазіргі таңда мұғалімдер Білім және ғылым министрлігі ұсынған Whatsapp, Kundelik, Daryn.online, Bilimland интернет-платформалары арқылы тапсырмалар беріліп, оның орындалуы бойынша кері байланыс орнатылуда.
Мектептер бойынша Call орталықтар ашылып, әлеуметтік желіге, ата-аналардың Whatsapp чаттарына жіберілді. Бүгінгі күнге мектептер бойынша мұғалім, ата-ана, оқушылардан қашықтан оқу бойынша өтініштер келіп түспеді. Түскен жағдайда аудандық білім бөлімінен жауапты мамандар жұмыс жасайтын болады.
Kundelik жүйесінде бір мезетте пайдаланушылардың көп болуына байланысты сайттың ашылмай қалуы сынды қиындық туындады. Алайда, көп ұзамай сайт өз жұмысын қайта қалпына келтірді. Қазіргі таңда Kundelik жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.

Жалағаш ауданының әкімдігі
09 сәуір 2020 ж. 468 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031