Аралда қауіпті індетті анықтайтын автолаборатория іске қосылды
Арал аудандық «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» филиалында жол талғамайтын КАМАЗ автокөлігінің үстіне орналасқан мобильді автолаборатория іске қосылды. Автолабораторияда коронавирус инфекциясын анықтау үшін сынамалар зертханалық тексеруден өткізілуде.
Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аталған лабораторияға барып, зертханалық тексеру жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы зертхана қызметкерлерімен кездесіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Лабораторияда 3 дәрігер, 2 лаборант кезекшілікпен тәулік бойы жұмыс жасауда. 16 сәуір күні короновирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған 33 адамның сынамалары алғаш рет зерттеліп, барлығы теріс нәтиже көрсетті.
Сынамаларды зерттеу 3 кезеңнен тұрады. Алдымен сынамалар тіркеліп, қабылданып, сырты залалсыздандырылады. Екінші кезеңінде терезе арқылы лаборатория ішіне беріліп, тексеріледі. Ал үшінші кезеңде полимеразды тізбекті реакциясымен анықтайтын компьютерге қосылған «REALTAIM» ротержим құрал-жабдығы арқылы нәтижесі шығарылады. Сынама нәтижесі 5 сағат ішінде анықталады.
Зертхана барлық талаптарға сай келеді. Ішкі қабырғалары дезинфекциялық ерітінділер әсеріне төзімді пластикалық негіздегі материалдармен қапталған. Желдеткіш системасы арнаулы фильтрлі құрылғымен орналастырылған. 2 бөлмеде кварц жарығы, кондиционер, биологиялық қауіпсіздік шкафтары және жұмыс аяқталғаннан кейін пайдаланатын қолжуғыш пен себізгі бар.
Автокөлікте зертхананы тоқпен қамтамасыз ететін электроқозғалтқыш, су құюға арналған бөшке орналастырылған.
Аталған мекемеге қарасты дәл осындай автолаборатория қазіргі таңда Шиелі ауданына беріліп, короновирус індетін анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізілуде.