» » COVID-19: Дәрі-дәрмекке аллергиясы бар қала тұрғынынан індет анықталды

COVID-19: Дәрі-дәрмекке аллергиясы бар қала тұрғынынан індет анықталды

Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 151 адамға жетті. Бүгін соңғы тәулікте жаңадан анықталған 2 жағдайдың мән-жайын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 151 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 2 жағдай анықталды. Оның біреуі – Қызылорда қаласынан. Аталған қала тұрғыны дәрі-дәрмекке аллергия беруіне байланысты жедел-жәрдем шақырып, көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Сол жерде коронавирустық инфекцияға сынама тест алынып, ол оң нәтиже берді. Ал, екінші науқас – Сырдария ауданының Амангелді ауылынан. Ол ауылдағы дәрігерлік амбулаторияда техникалық қызметкер болып жұмыс жасаған. Ол осы індетке шалдыққан науқаспен тікелей қарым-қатынаста болмаған. Қазіргі таңда облыстағы барлық медицина қызметкерлерін осы қауіпті індетке байланысты тексеруден өткізіп жатырмын. Екінші науқас осы тексеру кезінде анықталды. Бұрын денсаулығына шағымы болмаған», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 151 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 2185. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1150, потенциалды байланыста болғандар – 1035 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 126, правизорлық стационарда – 65, карантиндік стационарда – 554 адам бақылауда.
Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 939 тест сынамасы алыныпты.
«Соңғы тәулікте 939 тест сынамасы жасалды. Оның 361 – теріс мәнді болып шықты. Екеуінен коронавирустық инфекция анықталды. Ал, 576 – әлі тексерілу үстінде. Бүгінгі таңда облыс бойынша 7900 тест сынамасы қалды», – деді ол.
Сондай-ақ, басқарма басшысы өңірде медицина мамандары коронавирустық инфекцияны анықтаудың белсенді сатысына көшкендігін мәлімдеді. Сондықтан, ЖРВИ, пневмания белгілері бар науқастардан бөлек, медицина мекемелерінің барлық қызметкерлері тексеруден өтеді.
«Біз бүгінде коронавирустық инфекцияны анықтаудың белсенді сатысына көштік. Осыған байланысты тексерілетін мақсатты топтардың тізімі жасалды. Олар – ЖРВИ, пневмония белгілері бар тұрғындар мен медицина мекемелерінің қызметкерлері. Аталған аурур белгілері бар науқастар дәрігерлерге жүгінуі керек. Сондай-ақ, өңірімізге Қазақстанның өзге өңірлерінен келушілер легі азаймай отыр. Ол кісілер де тұрғылықты жері бойынша медицина мамандарына хабарласып, міндетті түрде бақылауды болуы керек», – деді Ж. Әбілқасымұлы.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 151 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 24, Жаңақорған ауданында – 30, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 61, Сырдарияда – 26, Арал – 4, Қазалы ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.
21 сәуір 2020 ж. 365 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930