Түркістан: 3601 гектарға жуық ауыл шаруашылығы дақылдары су астында қалды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 3601 гектарға жуық ауыл шаруашылығы дақылдарының су астында қалып, зардап шеккені анықталған. Алдын ала болжам бойынша шығын көлемі 404 млн теңгені құрап отыр.
Әсіресе, Жаңажол, Еңбекші ауыл округтеріне қарасты Жеңіс, Жаңатұрмыс, Жантақсай ауылдарындағы алқаптар көптеп зардап шеккен. Су астында қалған егістік алқаптың 85 пайызы мақта, қалғаны жоңышқа мен жүгеріге тиесілі. Түгендеу жұмыстарымен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған арнайы жұмысшы тобы айналысуда. «Қазіргі таңда 95 маманымыз су астында қалған егістік алқаптары мен мал шығындарын есептеп, түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Шығындарды толық есептеуге әзірге мүмкіндік аз болып тұр. Десек те, тұрғындар берген мәліметтерді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесе отырып, зерделеудеміз. Су тасқыны басылған соң ауылдарды аралап, шығын көлемін нақты анықтайтын боламыз», деді Мырзакент кентіндегі штабтың баспасөз орталығында басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов.
Мақтаарал ауданында алдағы уақытта су басу қаупі бар ауылдарда малды қауіпсіз жерге жеткізу жұмыстары жалғасуда. Қазірдің өзінде су тасқыны орын алған 7 елді мекеннен яғни, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Жантақсай, Фердоуси, Еңбекші, Нұрлытаң, Өргебас ауылдарынан 3115 ірі қара, 1101 жылқы, 585 қой, 34 түйе көшірілген. Ал суға кетіп өлген мал саны әзірге белгісіз болып отыр. Бұл жұмыстарға тасқын судың әлі де болса тоқтамай тұрғаны қолбайлау болуда.