ҚМДБ жауап берді: Қазақстанда Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?
18 мамырдан бастап қазақстандықтарға мешітке кіруге рұқсат беріледі. Алайда мұсылмандарға Қадыр түнін үйде қарсы алу ұсынылды.
18 мамырдан бастап елдегі мешіттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып ашылады. Жалпы алаңның 30%-ін толтыруға рұқсат берілген.
«Біздің имамдар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Келушілерді кезең-кезеңмен кіргіземіз. Мысалы, Құран оқуға арналған бөлмеде бір мезгілде оннан артық адам болмауы керек. Жалпы залға имамдар адамдарды топ-тобымен кіргізетін болады», – деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне.Мешіттердің есігі жеке дұға жасау үшін, Құран оқу және діни неке рәсімін өткізу үшін ашылады.
«Жыл сайын Қадір түнінде мешітте адам көп жиналады. Ал биыл Қадір түнін үйде өткізуді ұсынамыз», – деді ҚМДБ.Қадір түні мамырдың 19-нан 20-сына қараған түні кіреді.
«Жамағат намазы: бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайды», деп нақтылады діни басқарма.Мешіттегі неке қию рәсіміне шариғатқа сәйкес, жас жұбайлармен бірге куәгерлері ғана қатыса алады.