» » Қасиетті Қадір түні: Қандай дұғалар оқу керек екенін білесіз бе?

Қасиетті Қадір түні: Қандай дұғалар оқу керек екенін білесіз бе?

Мамырдың 31-інен маусымның 1-іне қараған түн биыл Қасиетті Қадір түніне түсіп тұр. Осыған орай көпшілік мешітке барып, қасиетті түнді дұға тілеп, қарсы алады. Қадір түнінде қандай дұғалар оқылу керек? Sputnik Қазақстан аталмыш сауалды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдеріне жолдады.

ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, Қадір түні дұға оқығанда, Алланың көркем есімдерін атаған дұрыс екен.

"Дұғанытәртібі, шарттары бойынша жасаған дұрыс. Мәселен Алланың көркем есімдерін атап тұрып, дұға жасасаңыз, онда дұғаңыздың қабыл болуына тағы бір мүкіндік туады екен.Алла тағала бізге мейірім бере гөр дегеннен гөрі, Рахим сифатыңмен, яғни мейірімді сипатыңмен деген мағынаны білдіреді, осы сипаттарыңмен бізге мейірімді бола гөр деген дұрыс.

Осылай Алланың көркем есімдерін атап тұрып дұға ететін болсақ, онда өте жақсы болады.

Алланың көркем есімдерін ғаламтордан, әлеуметтік желілерден тауып алсақ болады. Сол көркем есімдерді атап, өзіңнің дұға тілектеріңді айту керек. Сосын дұғаның қабыл болу үшін, ықыласпен оқу керек. Кей біреулер немқұрайлы тілек тілейді де, дұғам қабыл болмады деп жатады.

Мұның ең бастысы неден туындайды десеңіз, шынайы жүректен шығармағаннан болады. 

Сіз Алланы көрмесеңіз де, Алла сізді көріп тұрғандай дұға жасау керек, сонда тілегіңіз қабыл болады", - деді ҚМДБ өкілі.


https://kaz.nur.kz
31 мамыр 2019 ж. 1 242 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930