» » » Дұға қай уақытта тез қабыл болады

Дұға қай уақытта тез қабыл болады

ÐÒ±Òа Òай ÑаÒÑÑÑа Ñез ÒабÑл боладÑ

Құрметті мұсылман бауырлар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге дұға жасау туралы және дұғаның қай уақытта тез қабыл болатыны жайлы мәлімет ұсынады.

Дұға жасау тәртібі
– Бар ықылыңызды дұғаға қойыңыз. Және өзіңіздің Жаратушымен сөйлесетініңізді естен шығармаңыз. Сондай-ақ, осы уақытта жүрегіңіздің дұғамен бірге екеніне көз жеткізіңіз.
– Дұға ең жиі қабылданатын сәттерде көп дұға етуге тырысыңыз.
– Дұға кезінде жүрек момын және кішіпейіл болуы керек. Мүмін АллаТағаланың алдында өзінің дәрменсіз мүсәпір екенін түсінуі керек.
– Құбылаға қараңыз.
– Кіші дәрет алынған жағдайда дұға еткен дұрыс.
– Қолыңызды ашып, алақаныңызды көкірек деңгейіне дейін көтеріңіз.
– Дұғаны Алла Тағаланы мадақтап, Оның көркем есімдері мен қасиеттерін айтудан бастаңыз.
– Содан кейін Алла елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтыңыз.
– Алладан жасаған күнәларыңыз үшін кешірім сұраңыз.
– Алладан неге мұқтаж екенініңізді сұрай отырып, дұға етіңіз.
– Дұға еткен кезде мүмін Алла Тағала дұғаны қабыл алмайтындай қоршыныш пен қабыл алатындай үміттің арасында болуы керек.
Сонымен, дұға қай уақытта тез қабыл болады:
– Тахарат аяқталғаннан кейін.
– Азан кезінде, азан мен қамат арасында.
– Намаз кезінде: тәкбірден кейін, рүкүғ кезінде, рүкүғтан түзеліп болғаннан кейін, сәжде кезінде (бұл уақытта біз Аллаға жақындаймыз), екі сәжденің арасында отырған кезде, тәшәһһудтен кейін және сәлемнің алдында.
– Намаздан кейін.
– Жаңбыр жауған кезде.
Дұғаның қабыл болуының негізгі факторларының бірі – сенушінің дұғасының қабыл болатынына деген сенімділігі.
Алла мүміндер қалай ойласа, оның ойындағысын береді. Дұға еткен кезде Алланың мейірімділін ойлай отырып, Құдси хадисін еске түсіріңіз, онда Алла:
«Уа, құлдарым менің, егер сендердің бірінші және соңғы адамдарың мен жындарың бір жерге жиналып, менен (көмек) сұраса, мен бәріне сұраған нәрселерін берер едім. Бұл теңізге түскен ине қаншалықты оның суын азайта алатындай, менде барды азайта алатын еді» (Мүслім).
Жақсы істер жасаңыз. Сіз Аллаға мойынсұнып, міндетті парыздарды орындап және ерікті түрде ғибадат жасауға тырысқан сайын, дұғаларыңыздың орындалу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Алла Тағала дұғаңызға жауап бермегенде де үмітіңізді үзбеңіз. Шын мәнінде, бұл тіпті сіздің Құдайға жақындауыңыздың себебі болуы мүмкін.
Егер Алла мүміндердің дұғасына жауап бермесе және мүмін үмітін үзбей, Алланың шешімін мойынсұнып қабылдаса, Алла мүмінге шыдамдылығы үшін сый береді. Алла мүміндерге Өзінің даналығы мен әділдігі бойынша сұраған нәрсені сыйламауы мүмкін. Кейде біз жаман деп ойлаған нәрсе, шын мәнінде жақсы болады және бізге жақсы болып көрінген нәрсе, шындығында жаман болып шығады.

Stan.kz 







12 қаңтар 2019 ж. 791 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930