» » » Қазақстан жұлдыздары халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан жұлдыздары халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады


Бүгін барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының бірінші күні! Бұл орайда Қазақстанның танымал жұлдыздары халықты оразаның басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Оразадан бұрын кешірім сұраса сауап болады дейді. Баршаңыздан, біліп не білмей жасаған күнəлəрім болса, Алла разылығы үшін кешірім сұраймын. Сауапты істеріміз көп болсын!”, – деп бөлісті Гүлзира Айдарбекова.
“Барлық мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін Жаратқан мемізге сансыз шүкіршілік етеміз”, – деді Қайрат Нұртас.
“Қасиетті Рамазан айы да жетті. Аман-есен қасиетті аймен қауыштырған Аллаға шүкір! Мына қысқа өмірде тек қасиетті айда емес, жыл бойы бір-бірімізге барынша мейірімді болсақ, бір-бірімізді себепсіз жақсы көрсек, қастандық, арамдық, зұлымдық ойламасақ, көмектессек, көтермелеп жүрсек, өмірде қатыгездік азаяр ма еді?! Адам жақсы жаққа өзгеруді өзінің ішкі әлемінен бастаса, айналасы да жақсара түседі.
Әр іс-әрекетіміздің, сөзіміздің есебі бар, қайтарымы бар. Адамды алдап, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруден аулақ болайық. Алла бәрін көруші! Бәрін алдымызға келтіруші!
Егер мен өзім біліп-білмей біреуді байқамай ренжітіп алған болсам, кешірім сұраймын! Мен де бәріңізді кешірдім! Баршаңызды мың айдан қастерлі Рамазан айымен құттықтаймын! Әрбір игі істеріңізге сауаптан жазылсын! Құлшылық, дұға-ниеттер түгел қабыл болсын! Өміріміз осы 1001 гүлдей әдемі болсын!” – деп құттықтады Ерке Есмахан.
“Ассалаумағалайкум, ардақты ағайын! Алла тағала рамазан айында иман байлығымызды арттырып, құлшылық, ғибадаттарымыз қабыл еткей”, – деп тілек білдірді Сәкен Майғазиев.
Сондай-ақ, Алтынай Жорабаева да әріптестерінен қалыс қалмады.
“Құрметті мұсылман бауырлар! Оқырмандарым! Оразаның алдында сіздерден кешірім сұраймын. Егерде қатты сөз айтсам, ренжітсем, Алла разылығы үшін кешірім сұраймын. Алла баршаңыздың дұға- тілектеріңізді, амал-ниеттеріңізді қабыл етсін! Баршаңызды жақсы көремін. Менің өмірімде бар болғандарыңыз үшін жақсы көремін”, – деді ол.
Өзге де танымалдар Мекке, Түркістан сынды қасиетті жерлерде түскен суреттерін жарыса жариялауда.


http://stan.kz

17 мамыр 2018 ж. 1 389 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930