» » Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді?

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді?

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысының туған күнді қалай атап өтетіндігі туралы жазды.

«Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деген сауал жолдап жатыр. Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған»,-деп жазды парақшасында Берік Уәли.

Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр.

«Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын»,-деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
16 мамыр 2020 ж. 376 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930