» » Тоқаевтың Facebook-тегі аккаунты фейк боп шықты

Тоқаевтың Facebook-тегі аккаунты фейк боп шықты

ҚР Президентінің аккаунты жалған болып шықты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Берік Уәли соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кеткендігін айтады. Ол сондай-ақ кейбіреулер жалған аккаунтты коммерциялық мақсатта қолданатынын да жеткізді. 

«Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты», –  деп жазды ол. 

Берік Уәли әлеуметтік желі қолданушыларын президент туралы нақты расталған ақпарат алу үшін ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырды. 
18 сәуір 2019 ж. 785 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30