ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап аудан әкімдігі жанынан «Facebook» әлеуметтік желісінде және «Whatsapp» мессенджерінде "Open Zhalaghash" жобасы іске қосылды.
Жоба мақсаты – заманға сай технологияны пайдалана отырып, халық пен биліктің арасында ашық байланыс орнату.
Жоба «WhatsApp» мессенджері +7 707 430 40 31 нөмірі арқылы және open_zhalaghash@mail.ru электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.
Ауданның күнделікті тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді, ұсыныстарыңызды, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды көрсетілген нөмірге немесе электронды поштаға жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жолдауларыңызға болады.
Қабылданған хабарламаларға «Қабылданды» сөзін жіберу арқылы назарға алынғандығы білдіріледі.
Тұрғындардан түскен барлық хабарламаларға шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, бұл хабарламалардың орындалу нәтижесі, атқарылған шаралар туралы ақпарат «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желісіндегі арнайы ашылған «Open Zhalaghash» ресми парақшасында жауап беріледі. Сондай ақ, мазмұны ұқсас немесе қайталанған хабарламаларға арнайы әзірленген скриншоттар арқылы жауап беріледі.
Туған жерімізді бірге түлетейік! Ауданның көркейіп, дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!