» » Қызылорда облысында короновирус инфекциясынан айыққандар саны 159-ға жетті

Қызылорда облысында короновирус инфекциясынан айыққандар саны 159-ға жетті

Бүгін, яғни 10.05.2020 ж. сағат 12:30 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 3 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген емделушілердің 2-уі Қызылорда қаласынан, 1-уі Шиелі ауданынан шықты.

Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 159.
(Кызылорда қаласы - 31, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 2, Қармақшы ауданы – 4, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 62, Жанакорған ауданы - 30).

10 мамыр 2020 ж. 170 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 033

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30