Қызылордада ҚР мемлекеттік рәміздер күні мерекесі онлайн форматта өтеді
Биыл Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты Рәміздер күні мерекесі онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.
Сонымен қатар, «Ел рәміздері – ел рухы» атты әлемдік, халықаралық сайыстардағы жеңімпаз спортшылармен сұқбаттар телеарналар мен баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерде жарияланады. Және де мерекелік іс шаралар карантиндік және санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
«Рәміздер мерекесіне орай іс шаралар жоспары бекітілді. Атап айтқанда:
– Мемлекеттік рәміздер күніне орай қала, аудан көшелерінің бойына тақырыптық көрнекі құралдары ілінді (билбордтар, баннерлер);
– Кітапханаларда, музейлерде «Мемлекеттік рәміздер –Тәуелсіздік нышаны», «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыптарында онлайн кітап көрмелері мен экскурсиялар өткізілуде;
– Мемлекеттік органдарда карантин талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант қабылдау шарасы өтеді;
– 4 маусым күні сағат 10.00-де барлық мемлекеттік мекемелерде қызметкерлер бір мезетте, карантин талаптарын сақтай отырып, Мемлекеттік Гимн шырқайды;
– Мереке қарсаңында «Елімнің көк байрағы – елдігімнің айғағы» тақырыбында «Сыр бірлігі» ютуб каналында онлайн лекторий, Облыстық білім басқармасының ресми фейсбук парақшасында «Менің Қазақстаным» атты онлайн мәнерлеп оқу челленджі, онлайн патриоттық әндер байқауы, оқушылар арасында онлайн шығармалар байқауы өтеді;
– Әбділда Тәжібаев кітапханасының фейсбук парақшасында «Туым – намыс, ұраным – бірлік, рәміздерім -мақтанышым» онлайн білгірлер сайысын өткізу жоспарлануда;
– «Сыр шаңырағы» ютуб каналында «Сырлы саз» аспапты музыка айдарында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі әртістерінің біріккен онлайн концерті беріледі;
– 4 маусымда Қызылорда облыстық филармониясының фейсбук парақшасында «Рәміздерім – рухымның айнасы» атты онлайн фильм-концерті болады;
– Мереке күні балалар үшін «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясының «Отанымды сүйемін» атты онлайн балалар қойылымы көрсетіледі;
– Атаулы күнге байланысты қаладағы қоғамдық көліктерде және саябақтар мен сауда орталықтарында Мемлекеттік Гимн шырқалады.
– Рәміздер күніне орай қала көшелерінде Авто-шеру ұйымдастырылады.
– 4 маусымда Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук парақшасында «Рәміздер – ел беделі», «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты онлайн мерекелік шаралары өтеді;
– Жалағаш аудандық кітапханасының фейсбук парақшасында «Рәміздер – ұлт мақтанышы», «Желбіре, көк байрағы елімнің!» атты онлайн байқау мен оқулары – 2 маусымнан 4 маусымға дейін жалғасады;
– Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук парақшасында бүгін «Ұраным – бірлік, рәміздерім – мақтанышым» атты онлайн концерт өткізіледі;
– 4 маусымда Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук парқшасында «Ел нышандары – мақтанышы елімнің» атты оқушылар арасында онлайн әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылады;
Мұнан өзге, «Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың мақтанышы» тақырыбында бейнероликтер 3 маусымнан бастап жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы көрсетіледі», – деді сала басшысы.
Сонымен қатар, «Ел рәміздері – ел рухы» атты әлемдік, халықаралық сайыстардағы жеңімпаз спортшылармен сұқбаттар телеарналар мен баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерде жарияланады. Және де мерекелік іс шаралар карантиндік және санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.