» » Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де дәрістер әнұранмен басталады

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де дәрістер әнұранмен басталады

4 маусым –  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова университет ұжымымен бірге мемлекеттік Гимнді орындады.

Шараның мақсаты тәуелсіздік символы саналатын мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету.
Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап барлық академиялық оқу топтарында сабақтар мемлекеттік Гимнмен басталатын болып шешім қабылданды.

Осыған орай университеттің барлық оқу ғимараттарына соңғы үлгідегі дыбыс күшейткіш құралдар орнатылды. Қазіргі таңда білім алушылар мен қызметкерлердің ұлттық рухын көтеру мақсатында Ұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдері, Құрманқазы, Дина, Дәулеткерей мен Тәттімбеттің  және басқада күйшілердің туындылары орындалып, патриоттық нақыштағы әндер қосылып тұр. 
04 маусым 2020 ж. 432 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930