» » УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗДАРЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗДАРЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде 2018-2019 оқу жылында бітіретін мектеп түлектеріне "Білім алушылардың кәсіби бағдарлануы - бәсекеге қабілетті маман дайындау кепілі" атты үгіт-насихат жиыны өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов модераторлық жасады.
- Жоғарғы оқу орындары, арнаулы орта оқу орындары аудандарда кәсіби білім беру, оқу орны, оның тарихы туралы мектеп бітіруші түлектермен өңірлерде дәстүрлі түрде кездесу өткізуде. Алғашқылардың бірі болып ауданымызға бүгін өңіріміздегі беделді оқу орындарының бірі – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаздары келіп отыр. Бұл оқу орны біздің өңір үшін бірден-бір қажетті мамандарды даярлайтын оқу орны екенін атап айтқымыз келеді- дей келе,
- 2017-2018 оқу жылында 344 бітіруші болды. Оның ішінде, 334-і жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсті. Бұл жалпы бітірушілердің 97,1 пайызын құрайды. Біз мұны мақтанышпен айта аламыз. Бұл - облыстағы бірден-бір жоғары көрсеткіш. Жалпы ұлттық бірыңғай тестілеуге 246 бітіруші қатысса, соның 189-ы мемлекеттік грант иеленіп,бұл – 76,8 пайызын құрады. Бұл да аудандар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Соның ішінде, 22 бітірушіміз осы аталған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен грант иеленді. Қазіргі таңда ауданымыздан әр жылдары бітірген түлектердің 123-і аталған университетте білім алып жатырғандығын біз мақтанышпен айта аламыз,- деді Жағыпар Айтбайұлы кіріспе сөзінде.
Жиында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-ісі жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Айтмағанбет Үргенішбеков, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ермұрат Каналхан, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Экология және химия технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Ахатаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы педагогика ғылымдарының кандидаты Назира Аймаханова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бизнес-инкубатор орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет түлегі, университет мақтанышы студент Динара Серікбекова, Т.Жүргенов атындағы №123 мектептің 11 сынып оқушысы, 2018-2019 оқу жылында республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы Аружан Бақытжан хабарлама жасады.
Кездесуде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дайындайтын мамандықтар туралы, материалдық-техникалық база және студенттерге арналған бағдарламалар жайында толық мәліметтер берілді.
Сонымен бірге, түлектерге кешенді және ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға одан бөлек, құжаттарды қабылдауға байланысты өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп бітірушілерге университет дайындайтын мамандықтар тізбесінен тұратын парақшалар мен жадынамалар таратылды.
11 сәуір 2019 ж. 1 243 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930