» » Соңғы қоңырау сәтінде жыл үздіктері анықталды

Соңғы қоңырау сәтінде жыл үздіктері анықталды


Бүгін аудан мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. 
Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен - мектептегі соңғы қоңырау салтанаты бүгін Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейде де «Сылдырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шарамен өтті. Шараға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Ердаулетова,, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты. 
Шара барысында 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық мектеп ұстаздары және мектеп оқушылары «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды, «Аманат» тапсыру рәсімі өтті.
Шара барысында аудан әкімі Қ.Әубәкірұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. 
Сонымен қатар, мектеп басшысы, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. 
Жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.










25 мамыр 2018 ж. 1 914 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930