Қызылорда мектептерінде қоңырау орнына күй орындалады Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты кей мектептерде үзіліс кезіндегі қоңырау қазақ күйіне ауыстырылды, - деп хабарлады бөлімнің баспасөз қызметі.Елбасымыздың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мақаласында айтылғандай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, оқушылардың халық өнерінің терең де нәрлі қасиеттерін бойларына сіңіру, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында күнделікті үзіліс кезіндегі қоңырауды күймен алмастыру жөнінде мектеп ұжымы мен мектеп ата-аналар комитетінің мүшелері және мектептің қамқоршылық кеңесі келісімімен жүзеге асырылды.Қоңырау орнына қазақтың "Аққу" күйі таңдалынып алынды. Болашақта барлық мектептерде қоңырау толықтай күйге ауысатын болады. http://www.syrboyi.kz Жаңалықтар 24 мамыр 2018 ж. 1 778 0