» » Еселі еңбек ел игілігі үшін

Еселі еңбек ел игілігі үшін

Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов ауданда жұмыс сапарымен болып, өңірде жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Аймақ басшысының орынбасары ал­ды­мен кент ішіне тартылып жатқан газ құбырлары желісінің құрылысымен таныс­ты. Газ құбырларын жүргізу жұмыс­тарының бүгінде 80 пайызы аяқ­талған. Бас мердігер компания "StroyGaz­Company" ЖШС өз жауапкер­шілігіндегі жұмысты межелі уа­қы­тында бітіретінін жеткізді. Анығырақ айтсақ, қазан айында кент тұрғындары кө­гілдір отынның игілігін көреді. Газ құбыр­ларын тарту жұмыстары толық аяқталса, кент орталығындағы халықтың қатты отын тапшылығынан құтылатын күні де алыс емес әрі экономикалық тұрғыдан тиімділігі де бар. Көгілдір отынды пайдаланған тұрғындар жылу маусымы үшін бұрынғыдан екі есе арзан ақша жұмсап, қаржы үнемдейді және күнделікті тұрмыстық қажеттіліктері де жеңілдейді. Ауа райының жайсыздығына қарамай, қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстың жай-күйімен егжей-тегжейлі танысқан Серік Жүсіпұлы тиісті сала басшыларына жұмыс сапасын бақылауда ұстауды және жұмыстың екінші кезеңінде, яғни әр үйге газ кіргізуде қауіпсіздікті қатаң сақтауды тапсырды.


Облыс әкімінің орынбасары одан соң кент орталығындағы тағы бір құрылыс нысанына аялдады. Бұл құрылыстың бас мердігері – «Әбу-Сер» ЖШС. Былтыр басталған 100 төсектік жаңа аурухана да межелі уақытында пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта үш қабатты жаңа арухананың қабырғасы көтерілді. Жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Құрылыс нысанында болған Серік Жүсіпұлы Жалағаш ауданындағы емдеу мекемелеріне жаңадан кәріз жүйесін қосу үшін құрылыстың сметалық жобасын дайындауды тиісті салалардың жауапкершілігіне жүктеді. Одан соң жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы және Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің қазіргі жағдайымен танысты.

Түстен кейін облыс әкімінің орын­басары Серік Сүлейменовтің қаты­суымен аудан әкімшілігінде мәжіліс өтті. Мәжілісте облыстық құрылыс, сәу­лет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов, облыстық жол көлік және автомобиль жолдары басқар­ма­сының басшысы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық энергетика және тұрғын үй ком­муналдық шаруашылығы басқар­масы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов та болды. Басқосуда мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлер мен жол жөндеу жұмыстары, Жалағаш кентін газдандыру және коммуналдық шаруашылық саласының жай-күйі сара­ланды. Аудан әкімі Асылбек Шәменов ау­данда мемлекеттік бағдарла­малар шең­берінде іске асырылатын жоба­лар­­мен таныстырып, сол жобалардан үнем­делген қаржыны қайта бағыттау жөнінде салалық басқармаларға ұсыныс енгізілгенін жеткізді. Сондай-ақ әр сала бойынша басқарма, бөлім басшылары ауданымызда атқарылып жатқан жұмыс­тарға тоқталды.


Атап айтсақ, биыл 200 орындық оқушылар үйінің және 50 орындық әуез мектебінің және бір пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы басталады деп күтілуде. Бұдан бөлек Еңбек ауылында 3 көшеге, Мәдениет ауылында 2 көшеге, Жаңадария ауылында 1 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі және кент ішінде 6 көшеге асфальт төселеді. Кент орталығындағы ескі емхана ғима­раты күрделі жөндеуден өтіп, бала­бақшаға айналады. Сонымен бірге М.Шәменов ауылындағы жаңа мектеп пай­далануға беріліп, Д.Жалтынов ауы­лындағы ауыз су жүйесін жаңарту жұмыс­тары аяқталып, іске қосылады. Мәжілісте айтылған мәселенің бірі ауыз суға байланысты болды. Қазір ауданда ауыз су жүйесі толықтай жаб­дық­талып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бірақ бүгінде тұ­ты­нушылар ауыз суды мақсатсыз пай­даланып, ысырапшылдыққа жол беріп отыр. Мәжіліс барысында Серік Сү­лей­менов бұл мәселеге де баса назар аудару керектігін айтты. Жаз мезгілі бас­­талысымен тұрғындардың көбі есік алдындағы бау-бақшасына ауыз су­­­ пайдаланады. Соның салдарынан құ­­быр бойының қысымы төмендеп, же­­­тіс­­­пеушілік туындайды. Алдағы уа­қытта ауыз суды ауласындағы бақ­ша­сын суа­руға немесе басқа да тұр­мыстық қа­жеттіліктеріне көп мөлшер­де пай­­да­ла­натындар үшін төлем ақы көте­­рілуі мүмкін.


Жиын соңында облыс әкімінің орын­басары ауданда атқарылып жатқан жұ­мыстарға оң баға беріп, басқарма басшылары мен аудан әкіміне бірқатар тапсырма жүктеді.

Қуат АХЕТОВ
09 маусым 2020 ж. 380 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930