Халал өнімдеріне қатысты өзгеріс енгізіледі
Шілде айынан бастап Қазақстанда халал өнімдері бойынша бес стандарт енгізілді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Қандай талап қойылады?
Халал өнімдерін өндіретін ұйым өндірістік желі тек Халал өнімдерін өндіруге арналғанына кепілдік беруі тиіс. Егер өндірістік желі бұрын халал өнімі болып табылмайтын өнімдерді өндіру үшін пайдаланылса, онда халал өнімдерін өндіру алдында тазалау жұмысы жүргізілуі шарт.
Халал өнімдерін өндіру процесін тұрақты бақылау үшін бейне тіркеу жүйесі болуы қажет. Мал сою орындары тек халал малдарға және халал союға арналуы тиіс. Жануарлар мен құстарды сою процесін халал бақылаушы қадағалайды, оған діни бірлестіктен арнайы рұқсат беріледі. Халал өнімдерін өндіру үшін жануарлар мен құстарды қолмен сою тәсілі ғана қолданылады. Мал мен құс дұрыс сойылмаса, ол стандарт талаптарына сәйкес келмейді деп саналады. Ал жануардың немесе құстың ұшасы жеке аймаққа шығарылады.
Халал өнімдерінің сәйкестік сертификаты болуы шарт. Сәйкестік белгісі жасыл түспен жазылуы қажет, ал өлшемі 10 мм-ден кем болмауы тиіс. Сәйкестік белгісімен қоса Halal Qazaqstan брендін қолдануға рұқсат етіледі.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорнында Ислам канондарына сәйкес дұға (намазхана) жасауға арналған жеке бөлме немесе дұға ету орны қарастырылуы шарт. Халал емес шикізат пен ингредиенттердің өнімдерін бөлек сақтап, жеткізу керек.
«2020 жылдың 1 шілдесінен бастап бірқатар жаңа ұлттық стандарттар қолданысқа енгізілді. Қабылданған стандарттарды қолданудың қағидасы бар, сол себепті халал өнімдерін өндірген кезде ұсынылған стандарттардың талаптарын бір мезгілде басшылыққа алу қажет», — делінген ресми хабарламада.Бес стандартта халал өнімдеріне қатысты негізгі ережелер, мал мен құсты соятын ұйымдарға қатысты талаптар, сәйкестікті растау, таңбалау тәртібі мен қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын шарттар көрсетілген.