» » КЕСЕЛМЕН КҮРЕСТЕ КЕЛЕЛІ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

КЕСЕЛМЕН КҮРЕСТЕ КЕЛЕЛІ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Әлемді шарпыған індет қазір Қазақстанға да кері әсерін тигізіп отырғанын сіз бен біз елдегі аху­алдан-ақ аңғарып отырмыз. Мұн­дайда «Сақтансаң, сақтайды» деген қанатты сөзді қаперге алып, қара­пайым тұрғындар да өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамағаны абзал. «Облыс­­тың барлық аймағына тара­лып үлгерген коронавирус інде­тіне шал­дыққандар Жалағашта тір­келген жоқ» деп ауданда дертке қарсы жұмыстардың жемісін жарыса жазғанымыз кеше ғана сияқты еді. Өкінішке орай Қытайдан бастау алған «Тәжтажал» бізді де айналып өтпеді. Осыдан бірнеше апта бұрын алғашқы науқастың тіркелгені сол-ақ екен, уақыт өте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны арта түсті. Жергілікті билік бүгінге дейін онымен күресуде шама-шарқынша жемісті еңбек етті. Елімізде науқастар саны күрт өсім алып жатқанда бүтін бір ауданның халқы аталған кеселден кешеге дейін дінаман отырғаны бұл сөзімізді қуаттай түсері анық. Тіпті аймақ басшысының өзі ауданға сапарында жалағаштықтардың індетке қарсы күрес шараларында бірлікпен һәм ымырамен іс қылғанын және сол игі шаралардың жемісі жергілікті халықтың қауіпсіздігіне тікелей оң әсерін тигізгенін тілге тиек еткен болатын. Қазір де дертті ауыздықтау шаралары ауданда бәсеңдеген емес.

Бүгінде елімізде коронавирус ін­де­тін жұқтырғандар саны 41 мың­нан асты. Оның ішінде сырбойы­лықтардың үлесі 1400-ге таяп қалды. Осыдан 2-3 күн бұрын ғана ауданда кеселдің бұл түрін жұқтырғандар саны жиырмаға жуықтаған еді. Арада апта өтпей қазір науқастар саны 60-тан асып отыр. Мұндайда коронавирустың кең таралуына жол бермеу үшін әрбір тұрғын белсене атсалысуы қажет. Қарапайым ғана қауіпсіздік шараларын қатаң сақ­тауды әрқайссымыз өзімізден бастасақ, бұл ісіміз елдегі ахуалды қайта қалпына келтіруге тамшыдай болса да үлес болар еді.
Қазіргі ахуалға байланысты ау­данда дертті ауыздықтау мақса­тын­да атқатырлған жұмыс­тарға кү­мәнмен қарауға еш негіз жоқ. Елде төтенше жағдай жарияланғанға дейін Жалағашта арнайы комис­сия құрылып, жергілікті әкімдік жанынан жасақталған жаңа құрам алғашқы ісін халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуден бастап кетті. Мұнан кейін адамдар көп­теп шоғырланатын орындарды дезин­векциялау шаралары да қарқын алды. Тіпті дүкендер мен кәсіп­орындардың белігіленген уақытпен және қауіпсіздік шараларын сақ­тай отырып жұмыс істеуі қатаң бақылауға алынды. Бұл тұрғыда еліміздегі бас партияның жергілікті филиялы мен аудандық полиция бөлімінің қырағылары белсене жұмыс жасады. Әрбір елді мекенге кіре беріс жолдарға қойылған блок бекеттер де тәулік бойы жалағаш­тықтардың қауіпсіздігін күзетті десек, артық айтқандық болмас. Ал ондағы мамандардың көз ілмей халық­тың қажетіне қалтқысыз жа­­саған қызметі өз алдына бір ма­қалаға жүк болары сөзсіз.
Бастапқыда аймақта бетперде тапшылығы байқалып, дәріха­на­ларда олардың бағасы күрт өске­нін де сіз бен біз жақсы білеміз. Алайда бұл мәселе ауданда орын алмай тұрып, жалағаштық іскер азаматтар мен қарапайым тұрғындар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, халыққа түрлі өнім ұсынып отырған тігін цехтары тек бетперде өндіруді қолға алды. Осылайша олар ба­ғаның шарықтауы мен өнім тап­шылығының алдын алу арқылы мәселені ауыздықтай білді. Кент орталығындағы «Талапкер» тігін цехы күніне 1000-ға жуық бетперде өндіріп, халыққа қолжетімді бағада ұсынса, индустриялық аймақта орналасқан «Өркен Әлем» ЖШС 10 мыңнан астам бетперде өн­діріп, тұрғындарға тегін таратты. Ша­руашылық төрағалары да жағ­дайы төмен отбасыларға тегін азық-түлік өнімдерін үлестіруден қалыс қалмады. Осындай қиын-қыс­тау кезеңде ауызбіршіліктің үл­гісін көрсеткен аудан халқы алдағы уақытта да бұл кеселді жеңіп шы­ғарына сенейік.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ
07 шілде 2020 ж. 345 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930