АЙМАҚТА ДЕРТ НЕГЕ ДЕНДЕП БАРАДЫ немесе ауылдық елді мекендердегі ахуал қалай?
Қазір елдегі төтенше жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Әзірге емі табыла қоймаған кеселге қарсы күрес шаралары күшейтілгенімен дерт дендеп барады. Бір ғана Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны жүзден асты. Алғашқы науқастар тіркелген Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі аймақтардан індетті жұқтырғандар санымен басып озуымыздың себебі не? Бұл сауалдың жауабын айтар болсақ, алдымен өзіміздің бейқамдығымыздан аттап кете алмаймыз.
Бастапқыда Қызылорда қаласы мен Жаңа қорған ауданында алғаш науқастар тіркелгенде облыс орталығы саябырсып, Жаңақорғанда вирустың бұл түрін жұқтырғандар саны күрт өсті. Кейін коронавирус дертіне шалдыққандар санымен көршілес Шиелі ауданы бұл өңірді басып озды. Оны айтасыз, Шиелі ауданына қарасты Ортақшыл деген бір ғана ауылда қазір індетті жұқтырғандар саны 40-тан асты. Бұл дегеніңіз, облыс бойынша коронавирус індетін жұқтырғандардың жартысына жуығы бір ауылдан тіркелгенін білдіреді. Сондықтан «Екі мыңдай ғана халқы бар бізге бұл кесел келемін дегенше емі де табылып қалар» деген көзқарастан ауылдықтар арылу керек. Қазір Жалағаш ауданына қарасты барлық ауылдық елді мекендерде қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда. Әсіресе, күре жолдың бойында орналасқан ауылдарға кіре беріс жерлерге блок бекеттер орнатылып, кірген-шыққан жолаушылар медициналық тексерістен өткізіліп барып жіберіледі. Сондай-ақ тізгіндеген темір тұлпары да тіркеуге алынады. Осыған дейін Бұқарбай батыр ауылына кіре беріс жердегі блок бекеттің жұмысымен танысқан едік. Мұнда қарапайым халықтың қауіпсіздігі үшін ішкі істер саласының қырағылары мен ақ халатты абзал жандар тікесінен тік тұр. Тіпті ауыл әкімінің өзі 24 сағат сол жерде түсініспеушілік танытқандарға мән-жайды толық ұғындырып әлек. Мұндай қаіпсіздік шаралары әсіресе күре жолдың бойындағы елді мекендер үшін үлкен маңызға ие екенін аққошқарлықтар мен Есет батыр аулының тұрғындары да жақсы біледі. Ауылға кіре беріс жолға қойылған блок бекеттегі тексеріс жұмыстарының күшейтілуі де сондықтан. Үш ауыл қатар қоныстанғандықтан бұл блок бекет тек аққошқарлықтардың ғана емес, көршілес Есет батыр мен Жаңадария ауылы халқының қауіпсіздігіне қалтқысыз қыз мет етіп тұр. Еңбек ауылындағы дәрігерлік емхананың медбикесі Алтыншаш Бейсенбаева әрбір жолаушыны медициналық тексерістен өткізіп барып жібереді. Ал көліктердің нөмірін тіркеп алу – Аламесек ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы Самал Қалдыбекованың міндеті. Учаскелік полиция инспекторы Досбол Тоқтамұратов төтенше жағдай кезінде жолаушылардың қауіпсіздік ережесіне бағынбауына жол бермейді. Бір сөзбен айтқанда, мұндағы әрбір маманның өзіне жүктелген міндеті бар.

Мақсат – артылған сенімге сызат түсірмей, халықтың қауіпсіздігі жолында қалтқысыз еңбек теу. Шағанның тұсынан үш елді мекенге Іңкәрдария ауылының үстімен кіретін тағы бір жол бар. Қазір ол жақта да блок бекет жұмыс жасап тұр. Ауыл әкімбері де тәулік бойы сол жерде. – Қазір елде төтенше жағдай болып жатқанда халықтың қауіпсіздігі үшін осындай шараларды қолға алып жатырмыз. Бастапқыда бұл блок бекеттердің жұмысына түсініспеушілік танытатындар, тіпті күле қарайтындар да табылды. Кейін елімізде, оның ішінде Сыр бойында коронавирусты жұқтырғандардың қатары қалаңдағасын халық түсіне бастады. Тексерістен өтпеген жолаушылардың блок бекеттен де өтуіне жол жоқ. Мұның бәрі осы елдің қауіпсіздігі үшін қолға алынған шаралар. Мұнан бөлек өзіміз басшылық ететін ауылдарда тойтомалақ, құдайы астардың ұйымдастырылуына жол бермейміз. Сондай-ақ дүкендердің де белгілі бір шектеулі уақытпен жұмыс жасауын қадағалаймыз. Әзірге төтенше жағдай кезінде ережеге бағынбау жағдайлары тіркелген жоқ. Себебі алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауылда азық-түлік дүкендеріндегі өнімдер бағалары да бақылауда. Мемлекет бекіткен белгілі бір шектеулерге төтенше жағдай кезінде біз немқұрайлы қарамаймыз.
Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 55-сессиясын шақыру туралы Алтыншы шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 55-сессиясы 2020 жылы 13 сәуірде сағат 10.00-де ашылады. Сессияның күн тәртібіне мына мәселе ұсынылады: Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №285 Жарлығының талаптарын орындау мақсатында аталған сессия қашықтықтан өтетіндігін хабарлаймын. Мәслихат сессиясының төрағасы: А.Махатова Себебі елдегі жағдай қазір салғырттықты, жауапсыздықты көтермейді, – дейді Аламесек ауылдық округінің әкімі Нұрлан Опабеков.
Өкінішке орай осыдан бірнеше күн бұрын көршілес Сырдария ауданынан да коронавирус індетін жұқтырған бір науқас тіркелген еді. Қазір көрші ауданда кеселге шалдыққандар саны 10-нан асты. Мұндайда Жалағаш-Қызылорда автожолында қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс. Біз барғанда Қалжан ахун ауылы мен екі ортада бір блок бекет жұмыс жасап тұр екен. Аудандық полиция бөлімінің мамандары бұл бекеттен тек азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктеріне ғана өтуге рұқсат береді. Онда да жолаушылар тек медициналық тексеріспен жіберіледі. Бір сөзбен айтқанда, Жалағашта қазір қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Олай болуының да жөні бар, себебі қос қапталда көршілес орналасқан Қармақшы мен Сырдария аудандарынан да аталған індетті жұқтырғандар тіркеліп отыр. Әрбір блок бекеттің жұмыс сапасы аудан әкімі Асылбек Шәменовтың жіті назарында. Күн сайын барлық блок бекетті аралап, жұмысымен танысады. Жергілікті билік шама-шарқынша қауіпсіздік шараларын күшейтіп әлек. Алайда тұрғындар, сауда орын иелері тарапынан олқылыққа жол беру ара-тұра орын алып тұр. Мәселен, осыған дейін кент тұрғыны құдайы ас беріп, қырық адамды бір үйге жиғаны үшін айыппұл арқалаған еді. Арада көп уақыт өтпей тағы бір жалағаштық сауда орын иесі төтенше жағдай режиміне негізделген ережеге қарсы жұмыс жасағаны белгілі болды. Кеше осындай жағдай Бұқарбай батыр ауылында да орын алды. Құзырлы орган өкілдері жетемізге жеткізіп түсіндірсе де, құлақ аспайтынымыз қиын болып тұр.
Дертке қарсы қолға алынған шараларға немқұрайлы қарайтындардың назарына сала кетейік. Осыған дейін Сыр өңірінде коронавирус індетінің кең таралуы көп жағдайда қауіпсіздік шараларын тұрғындардың сақтамауынан болды. Мәселен, жергілікті билік адамдар көп шоғырланатын жерлерде болмауды, адамдарды көптеп бас қосатын жиындар ұйымдастырмауды және қонаққа да бара бермеуді назарға салса, осыған дейін аталған дертті жұқтырғандардың бірі қонаққа наурыз көже ішуге барып, кеселдің бұл түріне шалдыққаны анықталған. Сондай-ақ Шиелі ауданында дерттің бұл түрінің кең таралуы отбасылық жиында көптеп бас қосу салдарынан орын алған. Ал Оңтүстік Кореядан келген тағы бір қызылордалық өзінің әулетіндегі 20-дан астам туысқанына коронавирус жұқтырған. Мұнан бөлек, Петропавл қаласынан келген студент азаматша карантин режимін сақтамай жастардың отырысына барып, құрбысына жұқтырып отыр. Тізе берсек, мұндай деректер көп. Сабақ алам деген жан болса, осы да жетеді деген ойдамыз. Мұндай шектеулердің бәрі уақытша нәрсе. Сондықтан төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтап, өзіміздің де, жақындарымыздың да өмірін аман алып қалуға тырысайық.
Кенжетай БАЛҒАБАЙ