ОБЛЫС ӘКІМІ АБАЙ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді ұлы ақын, ғұлама ойшыл, кемеңгер суреткер, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай елімізде тұңғыш рет атап өтілетін 10 тамыз – АБАЙ КҮНІ мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 25 жыл бұрын ақынның 150 жылдық мерейтойында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ғұлама ойшылдың шығармашылығына үңіліп, жаңа заманмен тығыз сабақтастырып, дана Абайдың ойлары бүгінгі идеялармен астасып жатқанын ерекше атап көрсеткен еді: «Жалпы біз қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дәйектемесін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Бәрін де Абайдан табасың. Бүгінгі халықаралық жағдайларға байланысты ұстанып отырған мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатымызға да жауапты Абайдан табуға болады».
“Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” деген данагөй ақынның бірлігі дәл қазір бізге де керек. Өйткені, тәуелсіз елімізді әрі қарай өркендету жолындағы жасампаз істерімізде ауызбіршілігіміз бір болса, ісіміз де берекелі, нәтижелі болмақ. Ал, бірлігі мықты елдің білімі де мықты болуы тиіс. ХХІ ғасырда түрлі ғылым саласын меңгеруді қажет ететін бүгінгі жаһандану заманында біздің алға қойған мақсатымыз - заманауи ілім-ғылымды игеріп, озық ойлы, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Шындығында, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, қос ғасырдың тоғысқан тұсында “Ғылымды іздеп, дүниені көздеген” ұлы Абай өркениет өріне алып шығар амалды ғылым мен білімнен тауып, халқын соған үндеді емес пе?!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласында “Жаңғыру өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл - ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған.”
Ұлы Абайға жаңа ғасырда жаңаша көзқараспен қарағанымызбен, ақынның ойлы сөздері бүгінгі күні де өзекті екенін мойындау қажет. Осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын Абай айтқан қоғам дамуының қозғаушы әлеуметтік-экономикалық күштері – еңбек, бірлік, кәсіп, сауда, өнер-білім туралы ой-тұжырымдары тәуелсіз Қазақстанның жаңғырып, жаңару жолындағы аса маңызды факторлар екені даусыз.
Өзі өмір сүрген дәуірде ғана емес, үшінші мыңжылдықтың жаңа ғасырында да мәні зор, мағынасы терең ақынның поэзиясы мен қара сөздері әлемнің 30 тіліне аударылған болса, биылғы мерейтой жылында кең тараған 10 тілге аударылуда.
Тек қазақтың ғана емес, адамзаттың ардағына айналған ұлы Абайдың асыл мұрасы – бәріміздің рухани азығымыз, бағыт алған темірқазығымыз!
АБАЙ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!