» » АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУДАН ХАЛҚЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУДАН ХАЛҚЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қадірлі ағайын!

Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлы ойшыл, хакім Абайдың туғанына 175 жылдық мерейтойына орай биыл елімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні мерекесі болып белгіленді. Абай күні мерекесі – қазақтың сөз өнерінің мерекесі. Сіздерді осынау маңыздылығы мен мәні жоғары, халықтық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Абай - өз заманынан ойы озық туған ғұлама, өз ұлтын өркендеген өнегелі елдің қатарында көруді армандаған ойшыл.

Абайдың кез келген сөзі өнеге, әр сөзі өсиет. “Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың”, “Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың”, “Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол”– дейтін Абайдың дана сөздері ғибрат пен өнегеге толы сөздер.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік Туы төбемізде желбіреген кезеңде ұлы ойшылдың жауһар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы арта түсті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай – рухани реформатор» мақаласында «Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз»,-деп ұлы ақынның өнегелі өмірі мен асыл мұрасы халқымыздың игілігіне мәңгі қызмет ететінін, Абай мұрасының маңыздылығын атап өтті.

Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады.

Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. “Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – деп кемеңгердің өзі айтқандай, Абай – артына өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгер.

Ұлы Абайды ұлықтау, тану арқылы біз өзімізді, халқымыздың ғасырлардан келе жатқан рухани-адамгершілік құндылықтарын, әдебиетіміз бен мәдениетімізді танимыз.

Абай мұрасы – біздің ұлттық байлығымыз, қасиетті қазынамыз, Абай – халықты жарқын болашаққа жетелер шамшырақ.

Қадірлі, аудан тұрғындары, 10 тамыз – Абай күні мерекесі құтты болсын!

Құрметпен, аудан әкімі А.Шаменов


10 тамыз 2020 ж. 335 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930