» » Аймағамбетов ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесін жаңартуға уәде берді

Аймағамбетов ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесін жаңартуға уәде берді

Ауылдық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төлеу жүйесі жаңартылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 
«Бүгінгі күні шағын жинақталған немесе шалғайдағы мектептеріміздің білім беру сапасы төмен. Соның ең басты проблемасының бірі – бұл, әрине, ұстаздардың, мамандардың жетіспеушілігі. Мысалы, көп мектепте бір мұғалім 4-5 пәннен береді. Сондықтан сапа мәселесі өте маңызды болып тұратындығы белгілі. Бұл проблеманы шешу үшін ауылдық мектептерді қаржыландыру, ауылдық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмыс жүргізу қажет», – деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.
Оның атап өтуінше, министрлік бұл түйткілді шешу үшін нақты жұмыстарды қолға алған.
«Қазір ауылдық мектептерде жұмыс істейтін ұстаздарға жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмысты бастап жатырмыз. Биылғы оқу жылында осы жұмысты аяқтаймыз деп санаймын», деді Асхат Аймағамбетов.
23 тамыз 2020 ж. 256 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930