» » Қазақстанда болашақ ұстаздардың шәкіртақысы 42 мың теңгеге өсті

Қазақстанда болашақ ұстаздардың шәкіртақысы 42 мың теңгеге өсті

Қазақстанда педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуренттерге қойылатын талаптарды артып, стипендия мөлшері 42 мың теңгеге дейін ұлғайтыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр. Бұл барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Айта кетерлігі, студенттер кешеден бері осы стипендияны ала бастады", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, осы жылдың маусым айынан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке дейін көтерілді.

"Егер бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандыққа түсушілердің орташа балы 65-ті құраса және педагог мамандығы түлектер арасында көп сұранысқа ие болмаса, қазір жоғары балл жинаған мықты түлектер педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсе бастады", - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ ҰҚСК қорытындысы бойынша берілген тапсырмалар аясында докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өсті. Мұндай шара жас ғалымдарды қолдау үшін өте маңызды, өйткені докторанттардың отбасылары бар және олар өз зерттеулерін жүргізумен айналысады.

Бұл жоғары оқу орындарына оқытушылардың жалақысын арттырып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қорытындысы бойынша берген тапсырмасының барлығы ерекше бақылауда және белгіленген мерзімде орындалатын болады.

stan.kz
29 қыркүйек 2020 ж. 230 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930