Қызылордада ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды
Қызылордада Қазақстанның Қызыл кітабына енген ақбөкендерді аулаған браконьерлер ұсталды.
Қызылорда облысы ПД Жалағаш ауданының Полиция бөлімімен аудан көлемінде 25 қазан-14 қараша күндері аралығында «Арқан» жедел профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында 14 қараша сағат 02:47 шамасында «Қармақшы-Жалағаш» тас жолының Жалтынов ауылының тұсында тас жолда жол талғамайтын джип автокөлігін тоқтатып тексеру барысында 3-бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың денелері анықталған.
Тексеру барысында автокөліктен 3-бас ақбөкен аңымен қоса, 2 аңшы мылтығы, 50 дана оқтары заттай дәлелдеме ретінде алынды. Казіргі таңда екі күдікті қамауға алынды. Олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 4 бөлігінің 2 тармағымен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.