» » Сыр елінде әртараптандыру арқылы жаңа өнімдер өндірілуде

Сыр елінде әртараптандыру арқылы жаңа өнімдер өндірілуде

Судың тапшылығына қарамастан, Сыр елінде күріш өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға артық жиналды. Гектарына 61,8 центнер өнім алынып, 550 мың тоннадан астам күріш қамбаға құйылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өтіп жатқан брифингте белгілі болды.

Экономиканы әртараптандыру арқылы өңірде жаңа өнім өндіріліп, экспортқа шығатын тауарлар көбейді. Мәселен, биылдан бастап алғаш рет Ресейге мұздатылған көкөніс пен қызанақ жеткізілді. Ал, Германияға 420 тонна қамыс жіберілген. Жалпы, әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуына қарағанда, аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің эскпорты біршамаға жоғарылаған. Пандемияның қиындығына қарамастан, сыртқы нарыққа өнім өндіру 12 пайызға көбейген. Оның 98 пайызы қайта өңделген өнім.
Келесі жылы Қазалы ауданында жаңбырлатып суғару тәсілімен егілетін 87 гектар жүгері, Жаңақорған ауданында томат пастасы өндірісін ашуға бағытталған 3 мың гектар қызанақ егу бірінші кезекте іске асырылмақ.

kyzylorda-news.kz
23 қараша 2020 ж. 235 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930