Алтын сыйың құтты болсын, Сыр елі!
Елордада Тәуелсіздік күніне арналған «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Бұл айтысқа мұнан бір айға жуық өткен айтыс қорытындысымен «Алтын домбыра» сыйлығына үміткер сегіз ақын қатысты. Сегіздің ішінен Сыр елі айтыс өнерінің бүгінгі күнгі ту ұстаушысы, «Айтыстың ақтаңгері» Мұқтар Ниязов алдына қара салмай, мәреге дара келді.
Мұқтар бұған дейін «Алтын домбыраны» екі рет егеленген болатын. Осы жолы сөз жүйрігі айтыстың ақтаңгері екенін талассыз дәлелдеп, үшінші мәрте топ жарды.
Мәртебелі сыйлықты ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыс етті. Сонымен бірге жеңімпазға 3 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді.
Осы елеулі оқиғаға орай облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Фейсбуктегі» парақшасында «…Мұқтар Ниязовтың үшінші рет «Алтын домбыраны» иеленуі – барша Сыр халқы үшін зор қуаныш. Ақ түйенің қарны жарылды десе де болғандай!» – деп жазды.
Енді «Алтын домбыра» айтыс жәдігері есебінде облыстық өлкетану музейіне қойылатын болады. 2012 жылы алғаш рет ұйымдастырылған «Алтын домбыра» айтысында оза шапқан М.Ниязов егер үш мәрте жеңіске жетіп, «Алтын домбыраның» заңды егесі болса, оны музейге табыс ететінін айтқан еді.
Кеше біз жеңімпазымызды телефон арқылы құттықтаған едік, сол кезде ол осы сөзінде тұратынын тағы айтты: «Осыдан бұрын айтқанымдай, «Алтын домбыра» музейге беріледі. Ағаш домбыраны алтынмен аптап кейінгі ұрпаққа өнер эстафетасы ретінде қалдыру – мен үшін үлкен бақыт. «Алтын домбыра» маған емес, Сыр елінің абырой-беделі үшін қызмет етсін. Кейінгі ұрпақ біздің сыйымызды мұнан да жоғары биікке көтереді деп сенемін», – деп жауап берді.
Ендеше, Сыр елі алтын сыйымыз құтты болсын!
Тәуелсіздік мерекесіне арналған осы өнер шарасында айтыскерлердің ағасы атанған жерлестеріміз Серік Ыдырысов пен Әбілқайыр Сыздықов «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Осы тұста Ә.Сыздықов «Жаңақорған ауданының құрметті азаматы» атанды.
Сондай-ақ, сөз сайысына қатысқан басқа да ақындар белгілі меценаттар тағайындаған қомақты ақшалай жүлделердің иесі атанды.
Осылайша, ақындар тәуелсіздік бейнесін мадақтады, ал, тәуелсіздік ақындардың мәртебесін көтерді.