» » АУДАН МАҚТАНЫШЫ – АЙТЫС АҚТАҢГЕРІ

АУДАН МАҚТАНЫШЫ – АЙТЫС АҚТАҢГЕРІ

Осыған дейін Алматы мен елордада ұйымдастырылған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» деген атаумен БҚО-да жалғасын тапты. Биыл сегізінші мәрте өткен жыр додасының жылдық қорытындысында от ауыз, орақ тілді түбі шығыс қазақстандық Рүстем Қайыртайұлы жеңіс тұғырынан көрінді. Екі күнге жалғасқан «Алтын домбыра» сайысының жеңімпазына 4 миллион теңге қаржылай сыйақы табысталды.
Ақтық мәреде Рүстем Қайыртайұлымен жерлесіміз Мұхтар Ниязов жүздесті. Көрерменнің ыстық ықыласына ие болған Есет батыр ауылының тумасы бірінші орынды қанағат тұтты. Айта кетейік, қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов «Алтын домбыра» айтысында екі мәрте бас жүлдеге ие болған болатын. Биылғы жыр додасында мұнан бөлек Мұхтар Ниязов «Айтыстың ақтаңгері» атанды.
Жүлделі екінші орын оралдық Жансая Мусина мен алматылық Қазірет Бердіханға бұйырды. Қостанайлық Айбек Қалиев пен қарағандылық Өміржан Көпбосынов үшінші орын иесі атанды. Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан), Қанат Мырзахан (Алматы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар) арнайы жүлдеге ие болды.
Айтыс меценаты, «Tas Group» компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекеев батыс­қазақстандық Бауыржан Ширмединұлына жалпы құны 2,4 млн теңгелік бір жылдық стипендия тағайындады. Сондай-ақ кәсіпкер қарағандылық Дидар Қамиев пен оралдық ақын, осы айтысты ұйымдастырушылардың бірі Бауыржан Халиоллаға ат мінгізді.

«ЖЖ» ақпарат

19 желтоқсан 2019 ж. 516 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30